$ 494.87  520.65  4.91

Ақмолалық шенділер болмаған төтенше жағдайдың салдарын жоюға қаржы жұмсамақ болған

Конкурс өткізбей, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасағанын анықтады. 

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Ақмола облысында прокурорлар болмаған төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша заңсыз жасасқан шарттарды анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Біржан сал ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган 3 млн теңгеден астам сомаға қызметтік автокөліктер мен ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, конкурс өткізбей, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасағанын анықтады. 

Конкурс өткізбеу себебі ретінде төтенше жағдай салдарын жою қажеттілігін көрсеткен. Алайда, прокурорлар анықтағандай, Біржан сал ауданының аумағында төтенше жағдайлар жарияланбаған, яғни мемлекеттік сатып алу туралы шарттар негізсіз жасалған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде лауазымды тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды, — деді ведомстводан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары