Көркем есім қою ұлтымыздың әдемі жоралғысы. Соның ішінде туған айын есім ретінде қою халық арасында кеңінен жайылған үрдіс.
Қазақстанда қанша Наурыз, Көктем және Қымыз тұратыны жайлы мәлімет тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Ұлттық статистика бюросы берген мәліметке сүйенсек, Қазақстанда Наурыз есімді 1472 адам бар, Наурызбай – 2940 адам, Наурызбек – 3206 адам, Наурызхан – 272 адам, Наурызгали – 145 адам, Наурызғали – 82 адам, Наурызгүл – 113 адам, Наурызгуль – 61 адам.
Көктем есімді 25 адам бар, ал Коктем - 18 адам.
Қазақстанда Кумыс деген атпен тіркелген 472 адам бар. Ал Қымыз деген есіммен бір ғана адам тіркелген. Қазақстанда Курт есімді бес адам тұрады.
Көркем есім қою ұлтымыздың әдемі жоралғысы. Соның ішінде туған айын есім ретінде қою халық арасында кеңінен жайылған үрдіс. Ал Наурыз түркі халықтары үшін дәстүрлі көктем мерекесі. Оны барша түркі халқы ерекше дәріптеп, қарсы алады.