$ 494.87  520.65  4.91

Ұлының сыныптасын соққыға жыққан алматылықтың үстінен іс қозғалды

Сондай-ақ бұл мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауына алынды.

Фото: aif.ru
Фото: aif.ru

Желіде тараған белгісіз ер адам баласының кегін алу үшін бөтен біреудің кішкентай баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат расталып, жағдайға қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайт туралы зардап шегушінің анасының Instagram парақшасындағы жазбасынан белгілі болды. Онда әйел өзінің ұлын басқа баланың әкесі ұрып-соғып, тұншықтырғанын айтқан.

"Мектепте балалардың бәрі төбелеседі. Ол менің ұлымды өзі ұруға бел буды. Бұл мектепте үзіліс кезінде болды: сынып жетекшісі жоқ кезде сыныпқа кіріп, қылқындырып, ұрып-соға бастады", - делінген жазбада.

Әйел болған оқиғадан кейін баласының қатты қорқып қалғанын және ол ер адамды заң аясында жазалау қажет екенін айтты.

Ал пост астында жазылған пікірлерде оқиға болған болуы мүмкін жекеменшік мектеп те өз ұстанымын білдірді. Мекеме әкімшілігі баланы ұрып-соғу фактісін жоққа шығарып, балалар арасындағы төбелеске пост авторының ұлы кінәлі деп мәлімдеген.

Бұл жайтқа қатысты жергілікті полиция мен ювеналды полицияның қызметкерлері істің мән-жайларын әділ анықтау мақсатында тексеру шаралары кешенін жүргізіп жатқанын, оның қорытындысы бойынша шешім шығарылатынын хабарлады.

Сондай-ақ бұл мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауына алынды.

"Директордың орынбасарына, сынып жетекшісіне және күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылды. Бұл мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады комитет өкілдері.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары