$ 494.87  520.65  4.91

Анасын іздеп жүрген Жәнібек Астанадағы балалар үйіне барды

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Фото: instagram/muratsaveliev
Фото: instagram/muratsaveliev

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақстандық Жәнібек Жұмағұлов (Джани) Қазақстанға туған анасын іздеп қайта келді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін Астанадағы балалар үйінің біріне барғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Естеріңізге салсақ, Жәнібекті сатып жіберген адамның кім екені белгілі болғанын жазған едік.

«Менің өмірім Қазақстанның Арқалық қаласындағы балалар үйінен басталды. Соңғы айларда мен бұрын балалар үйінде жұмыс істеген кейбір тәрбиешімен танысуға мүмкіндік алдым. Осы мерекеде алғысымды білдіру үшін, Астанадағы @kindervillage-дегі балаларды қуантып, көптеген сыйлық, ойыншықпен баруға маған рұқсат етілді», - деп жазды Жәнібек Instagram-дағы парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары