Бұл қазақ дзюдошысының «Үлкен дулыға» санатындағы турнирде алған алғашқы күміс медалі.
Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam (Үлкен дулыға) турнирінің алғашқы жарыс күні жеңіспен басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
48 келіде белдескен Әбиба Әбужақынова турнирдің күміс жүлдесін еншіледі.
Ол финалда ресейлік Сабина Гилязоваға есе жіберді.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, күндізгі сессияда Әбужақынова жартылай финалда Тара Бабулфатты (Швеция), ширек финалда Мария Селия Лабордені (АҚШ) ұтты. Ал іріктеуде Тамар Малка (Израиль) мен Гүзел Янамованың (Түркменстан) осал тұсын тапқан.
Бұл қазақ дзюдошысының «Үлкен дулыға» санатындағы турнирде алған алғашқы күміс медалі. Әбиба осыған дейін Баку (2024 жыл), Тбилиси (2023 жыл), Париж (2023 жыл), Абу-Даби (2022 жыл) мен Ұлан-Батыр (2022 жыл) қаласындағы Grand Slam-да қола жүлдеге ие болған.