Қазақстандық теннисші осымен қатарынан төртінші рет ITF додасында финалға шығып отыр.
Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Дмитрий Попко Тукуман (Аргентина) ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған аргентиналық Федерико Агустин Гомеспен кездесті.
Тартысты бәсекеде Д.Попко 4:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий Попко финалда әлемнің 335-ракеткасы, бразилиялық Педро Сакамотомен бас жүлдені сарапқа салады.
Қазақстандық теннисші осымен қатарынан төртінші рет ITF додасында финалға шығып отыр. Оның жеңіс сериясы 19 матчқа жетті.