$ 443.35  475.54  4.82

Топ-файтерлердің рекорды және қазақтың ұлттық жекпе-жегі неге есепке алынбайды?

Статистикалық сайттар күтпеген жерден файтерлердің жекпе-жек спортында өткізген кездесулерін кәсіпқой рекордтан алып тастады.

Фото: bekzatalmahan инстаграм парақшасынан
Фото: bekzatalmahan инстаграм парақшасынан

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілдерінің қан-терімен қол жеткізген кәсіби жетістіктері біржақты түрде түбегейлі өзгеріске ұшырады, бұл олардың ММА-дегі имиджіне әсер етеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көп жыл бойы ММА жанкүйерлері арасында беделге ие болған статистикалық сайттар күтпеген жерден файтерлердің жекпе-жек спортында өткізген кездесулерін кәсіпқой рекордтан алып тастады. Өкінішке қарай, бұл әлемнің ең мықты ұйымдарында, соның ішінде UFC-де Қазақстанның туын желбіретіп жүрген спортшыларымызға да әсер етті.

Prosports.kz мәліметінше, дәл қазір Sherdog.com сайтында әлемнің ең мықты лигасына жақында қосылған қазақстандық Бекзат Алмаханның көрсеткіштеріне қарасаңыз, файтеріміз бірқатар жеңісінен айырылғанын байқайсыз. Енді Алмаханның UFC-дегі дебюті алдында небәрі 11 жеңісі бар.

Бұған себеп, жоғарыда айтып өткеніміздей, Sherdog.com сайтының қазақ халқының жекпе-жек өнеріне деген сенімінің күрт жоғалуы болды, бұл бұрын-соңды мамандар арасында сұрақ тудырмаған еді. Тағы бір беделді Tapology.com ресурсы дәл осындай жолмен жүруге шешім қабылдады, салдарынан қазақстандық топ-файтерлердің рекорды «қысқартылды».

Осылайша, жеңіл салмақтағы танымал қазақстандық файтер Артем Резников (24-8) лайық жеңістерінен айырылып қалуы мүмкін, оның бірден 7 жеңісі (!) алып тасталады. Ұзақ уақыт бойы UFC-де өнер көрсеткен жеңіл салмақтағы файтер Жалғас Жұмағұлов (15-9) кәсіпқой деңгейдегі сәтті жекпе-жектерінің біраз бөлігін жоғалтып алуы мүмкін - 4 жеңіс. Қазақстандық ММА-дің тағы бір аңызы Арман Әшімов (12-3-1) алдағы өзгерістерді ескере отырып, 2014 жылдың 11 қарашасындағы дебютінен қағылды. Сол кезде ол Zhekpe Zhek турнирінде дебютін өткізіп, жеңіске жеткен еді. 

Нәтижесінде, Zhekpe Zhek лигасында өткізілген барлық жекпе-жек Pro Exhibition (көрмелік турнир) ретінде жеке бағанға жазылады. Бұл Бекзат Алмахан мен Қайрат Ахметовтің жағдайында да бар. Немесе Tapology.com жазбасында тағы бір қазақстандық Азат Мақсұмның (17-1) екі жеңісі алынып, оларға Modified Rules MMA (ММА ережесі өзгерген) деген баға берілді. Алайда, UFC ресми сайты мұндай өзгерістерді әлі жасамады, «Қазақтың» рекорды әлі де 17-1 деп тұр.

Zhekpe-zhek лигасында күрес, қазақша күрес, кикбоксинг, самбо, каратэ, таэквондо сияқты әртүрлі жекпе-жек өнерінің техникалық әдістерді қолдануға рұқсат етіледі, оған қолмен және аяқпен соққылар, лақтыру, басып алу, тұрып және жерде күресу жатады. Яғни, ММА-де бар барлық ереже.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары