04.03.2024, 07:30

4 наурызда еліміздің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Астанада аракідік сырғақ жаууы ықтимал. Жел екпіні - 15 м/с.

"Қазгидромет" РМК 4 наурызға Қазақстан аумағы бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамызда тұман түсіп, жел күшейеді, боран боғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түнде Түркістан облысының батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі деп күтіледі. Шымкентте түннің алғашқы жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) тұман болады деп болжанады. Түркістанда да түнде тұман болуы ықтимал.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Астанада аракідік сырғақ жаууы ықтимал. Жел екпіні - 15 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында аракідік тұман байқалады. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болуы ықтимал. Желдің екпіні -15-20 м/с. Петропавлда түнде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысында боран болады деп күтіледі. Желдің екпіні -15-20 м/с. Павлодарда боран болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-18 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Қызылордада аракідік тұман болады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Орал қаласында таңертең тұман болады деп күтіледі.