04.03.2024, 03:30

Бокстан Италиядағы турнир: Сәкен Бибосынов алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Фото: Olympic.kz

Аталған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан лицензиялық турнир басталды. Қазақстан сапынан алғаш болып Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

51 келіде сынға түсетін Бибосынов бірінші айналымда гонконгтық Каннет Чун Хим Танмен жолыққан болатын. 

Аталған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

Келесі кезеңде Сәкен Бибосынов кениялық Давид Каранж Мачариаға қарсы шығады.