$ 443.35  475.54  4.82

Қарағандыда қаза тапқан кеншілерге ескерткіш орнатылады

Мемориалдың жобасын әйгілі мүсінші Игорь Баграмов ұсынды.

Фото: видеодан алынған кадр/ Новости Казахстана Youtube
Фото: видеодан алынған кадр/ Новости Казахстана Youtube

Қарағандыда 2023 жылдың 28 қазанында Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 46 кеншінің құрметіне ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы patriotnews.kz порталына сілтеме жасап.

Ескерткіштің жобасын қаза тапқан кеншілердің жақындары таныстырды. Талқылау барысында олар өз ұсыныстарын да айта алды.

"Қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесу өткізді. Біздің компания монумент салуға қаражат бөлу туралы түбегейлі шешім қабылдады", - деді "Qarmet" АҚ Еңбек қатынастары жөніндегі директоры Ерболат Дүйсіпов.

Мемориалдың жобасын әйгілі мүсінші Игорь Баграмов ұсынды.

"Қазір біз макет, жоба, эскиздер ұсындық. Оның қай жерде орнатылатыны талқылануда", - деп түсіндірді Баграмов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары