$ 494.87  520.65  4.91

Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша пайда тапты

26 жастағы қазақстандық файтер Б.Алмахан Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасқан еді.

Фото: Prosports.kz
Фото: Prosports.kz

Аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан (11-2) UFC Fight Night 238 турнирінде Умар Нурмагомедовпен болған жекпе-жек үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

MMA.Metaratings.ru сайтының мәліметінше, қазақстандық Бекзат Алмахан 16 мың доллар (12 мың доллары жұдырықтасқаны үшін, қалғаны демеушілер берген ынталандыру сыйақысы) пайда тапқан, деп жазады kaz.inform.kz.

Ал оның қарсыласы Нурмагомедов бұл жекпе-жекте 52,5 мың долларды қалтасына басты.

Айта кетейік, 26 жастағы қазақстандық файтер Б.Алмахан Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасқан еді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Нурмагомедов төрешілердің шешімімен басым түсті. Ол – танымал спортшы Хабиб Нурмагомедовтің інісі.

Бекзат Алмахан биыл қаңтар айында UFC-мен келісімшартқа отырған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары