$ 444.14  477.05  4.85

Қарағандыда көшеден табылған сәби анасына қайтарылуы мүмкін

Ведомство қазір тергеу амалдары жүргізіліп, нәрестенің 22 жастағы анасының психикалық жағдайын анықтау мақсатында сараптама жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Фото: архивтен
Фото: архивтен

Қарағандының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі көшеден табылған сәби анасына қайтарылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ведомство қазір тергеу амалдары жүргізіліп, нәрестенің 22 жастағы анасының психикалық жағдайын анықтау мақсатында сараптама жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Егер ол өзін ұстай алмайтын жағдайда болғаны немесе күшті препараттан есеңгірегені немесе қандай да бір қысым жасалғаны анықталса, онда бала оған қайтарылуы мүмкін немесе ата-ана құқығы шектелуі мүмкін. Әзірге оның әрекетіне құқықтық баға берілген жоқ. Сәбиді әдейі тастап кетіп, баланы көргісі, баққысы келмесе, оған сәби берілмейді. Ол нәресте үйіне беріледі. Ал есейген соң балалар үйіне ауыстырылады", - деп хабарлады Қарағанды "Білім бөлімі" қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі.

Сонымен қатар, ведомство теориялық тұрғыдан басқалар нәрестені асырап ала алатынын атап өтті.

"Баланың жағдайы әлі анықталған жоқ. Егер "жетім" немесе "бас тартылған" мәртебесі анықталса, бала асырап алуға беріледі. Әзірге асырап алуға үміткерлерді қарастыра алмаймыз. Барлығы заңға сәйкес болуы керек".

Бала қазір балалар ауруханасында тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, 22 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адамға қатысты "баланы қауiптi жағдайда қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Еске салайық, 24 ақпанда кешкі сағат 10-да Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісі маңында ер адам жерде жатқан баланы тауып алған. Полиция 28 ақпанда сәбидің 22 жастағы анасы мен оның 29 жастағы әкесінің ұсталғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары