$ 441.66  475.14  4.86

ШҚО-дағы жылу қазандығынан ақау шықты

Оның айтуынша, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Фото: Созақ ауданы әкімдігі
Фото: Созақ ауданы әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының орталығындағы жылу қазандығынан ақау шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

3 наурыз күні Үлкен Нарын ауылындағы жылу қазандығында механикалық көмір жеткізу жүйесі істен шыққан.

Қазіргі уақытта жұмысшылар көмірді қазандыққа қолмен салып жатыр. Оқиға орнына ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов, Өскемен және Алтай қалаларынан арнайы жұмыс топтары келді», - дейді Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов.

Оның айтуынша, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдағы 6-8 сағат ішінде қазандық жұмысы қалыпқа келтіріледі. Халықтан сабыр сақтап, түсіністік танытуды сұраймыз», - дейді әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары