Бұл туралы Білім басқармасы хабарлады.
Алматыдағы 5 баллдық жер сілкінісінен кейін Алматы қаласындағы мектептер мен колледждерде сабақ болмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
4 наурыз күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу – ата-аналардың қалауы бойынша, – делінген Алматы қаласы Білім басқармасының хабарламасында.