$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы күндері Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма

Комиссия жер сілкінісінен соң дүмпулер болады деп санайды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері болмайды. Болжамның дөп келу ықтималдығы — 70%. Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 4 наурыз күні 12 сағат 20 минутта Алматы болжам жасау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

Бүгін сағат 11:22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің магнитудасы 6.1 балл, ал Алматыда сезілуі 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.

Комиссия жер сілкінісінен соң дүмпулер болады деп санайды.

"Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары