$ 474.83  518.99  5.4

«Астанаэнергосбыт» артық есептеулер үшін айыппұл төлейді

Бұған дейін елорда тұрғындары қаңтар мен ақпан айындағы түбіртектерде көрсетілген жоғары жылу төлемдеріне шағымданған.

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

Астанада жылумен жабдықтау қызметтері үшін негізсіз есептеу фактілері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жылу энергиясымен жабдықтау қызметі үшін төлемақы мөлшерін айқындау есебі табиғи монополиялар саласындағы заңнамамен регламенттелген.

Осы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.

Жылумен жабдықтау қызметінің түпкілікті тарифі тұтынушыда үйге ортақ жылуды есепке алу құралының болуына немесе болмауына байланысты сараланатыны маңызды.

Сонымен, жылу энергиясын есепке алудың жалпы үй құралы болған кезде жылу үшін төлем мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізінде анықталады. Ал үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде жылу үшін төлемақы мөлшері жергілікті атқарушы орган бекітетін тұтыну нормасы мен есепке алу аспаптары бар тұтынушыларға қарағанда 20% - ға жоғары тарифті негізге ала отырып, есептеу жолымен айқындалады, - делінген хабарламада.

Тұтынушы үшін үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралының болуы үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені нақты тұтынылған көлем белгіленеді және жылу энергиясын есепке алу құралдары үшін тариф қолданылады.

Сонымен қатар, жылу энергиясын тұтыну көлемінің ұлғаюы сәйкесінше және төлем сыртқы температурамен тікелей байланысты екенін атап өткен жөн.

Жылу энергиясы үшін төлем ауа райына байланысты ай сайын өзгереді, сыртқы температура неғұрлым төмен болса, жылу энергиясын тұтыну көлемі соғұрлым көп болады.

Мысалы, өткен жылдың қараша айында орташа айлық температура +2,2 градус, Желтоқсанда – (-8,9) градус, ал ағымдағы жылдың қаңтарында температура (-11,9) градус болды.

Бұған дейін елорда тұрғындары қаңтар мен ақпан айындағы түбіртектерде көрсетілген жоғары жылу төлемдеріне шағымданған.

Елордада жылумен жабдықтау қызметін «Астанаэнергосбыт» ЖШС табиғи монополиялар субъектісі көрсететіні белгілі.

Елорда тұрғындарының келіп түскен өтініштері негізінде ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (ТМРКД) «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын сақтамау бөлігінде, Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталды, бұл жылудың негізсіз есептелуіне әкелді.

«Табиғи монополиялар туралы» заңды бұзғаны үшін, «Астанаэнергосбыт» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (кірістің) он пайызы мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды, сондай-ақ өтініштерді қарау шеңберінде, тексеру нәтижесінде, негізсіз алынған табысты қайтару жағына 209 365 (екі жүз тоғыз мың үш жүз алпыс бес) мөлшерінде қайта есептеу туралы нұсқама енгізілді, - делінген хабарламада.

Есепке алу аспаптары мен жылыту ақысын есептеу көрсеткіштерінің дұрыстығы жөнінде сұрақтар туындаған кезде тұтынушылардан мән-жайларды анықтау үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не және құқықтар бұзылған жағдайда Петров көшесі, 5-үй мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне немесе «Е-Otinish» азаматтарының барлық өтініштерін өңдеу платформасы арқылы жүгінулерін сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары