05.03.2024, 10:40

Танымал журналист Рабат Жәнібеков дүниеден озды

Фото: t.me/qazaqstantv

Қазақтан шыққан алғашқы комментаторлардың бірі.

Журналист, спорт комментаторы Рабат Жәнібеков дүниеден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. Қазақтан шыққан алғашқы комментаторлардың бірі Рабат Жәнібеков 1968-2003 жылдар аралығында қазақ телевизиясында редактор және спорт комментаторы қызметтерін атқарды. 

Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығының баспасөз хатшысы болды.