Дәстүрлі Miss Valentine турнирінде Айбота доп жаттығуынан 32.700 ұпай иеленіп, күміс медальға қол жеткізді.
Эстонияның Тарту қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы көзге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәлімдеуінше, дәстүрлі Miss Valentine турнирінде Айбота доп жаттығуынан 32.700 ұпай иеленіп, күміс медальға қол жеткізді.
Ал шығыршықпен жаттығуда отандық спортшы 32.550 ұпай алып, қола медаль жеңіп алды.
Тағы бір айта кетерлігі, Айбота Ертайқызы таспа және ұршық жаттығуында финалға шығып, төртінші орынға тұрақтаған.