05.03.2024, 13:00

Алматыда автобус жүргізушісінің қателігінен төрт адам зардап шекті

Фото: alatransit.kz

Жол апаты бойынша соталды тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алматыда автобус жүргізушісі Сүйінбай мен Шолохов көшесіндегі көпірдің бетонына соғылып, төрт жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақпаратты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Оқиға 5 наурызда сағат 6:45-те Сүйінбай даңғылы мен Шолохов көшесі қиылысында болған.

"Жеке тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі 1966 жылы туған азамат Д., Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Шолохов көшесімен бұрылыста рульді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылған. Оқиға салдарынан төрт жолаушы жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады полиция.

Жол апаты бойынша соталды тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.