17.02.2024, 14:00

«Шын отансүйгіштік – жалаң ұран тастау емес». Ел халқының патриоттық көзқарасы

Фото: Pixabay

Терроризм мен діни экстремизм қаупі күшейіп отырған бүгінгі заманда патриоттық тәрбиенің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді.

Патриоттық тәрбие – еліміздің білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі. Өйткені ол жоғары патриоттық сананы қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері түрлі өзгерістер мен қоғамның әр саласындағы жаңа бетбұрыстарды, күрделі кезеңдерді өткеріп келеді.

Сан ғасырлық тарихы бар тәуелсіз еліміз үшін отаншылдық мәселесіне аса мән беру негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Біздің қалыптасқан мәдениетіміз де халықты елін сүюге, ынтымақта өмір сүруге, дәстүрді құрметтеуге негізделген. Өскелең ұрпақты Отанын сүюге тәрбиелеу – еліміздің болашақта тұрақты дамуының кепілі. Ал патриотизм дегеніміз не?

Патриотизм (грекше patris – Отан) – моральдық-саяси ұстаным, әлеуметтік сезім. Оның мазмұны – Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық, өткені мен бүгініне мақтаныш, елдің мүддесін қорғауға ұмтылуда жатыр.

Патриоттық тәрбие адамдарды халықтың материалдық және рухани мәдениетімен таныстыруға көмектеседі; ұлттық психологияның ерекшеліктерін нығайтады, сол арқылы адамдардың өз халқына, өз Отанына деген құрметті көзқарасын қалыптастырады. Отанға деген сүйіспеншілік пен бірлік – адамгершіліктің негізгі қағидасы.

Терроризм мен діни экстремизм қаупі күшейіп отырған бүгінгі заманда патриоттық тәрбиенің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді.

Жастарды елін сүюге тәрбиелеу іс жүзінде нақты жұмыстарға негізделіп, жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеруге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Қазақ халқының алдыңғы қатарлы өкілдері қашанда отаншылдығымен, халқына деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Оған қазақ ойшылдары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов және сол кездегі көптеген мәдениет өкілдерінің патриоттық идеялары дәлел бола алады.