05.03.2024, 22:30

Қазақстанда әлеуметтік желілер қайта қосылды

Фото: Pixabay

Қазақстандықтар кешкі сағат 20:30 шамасында әлеуметтік желілерді пайдалану мүмкін болмай отырғанын айтып, шағымданды.

Қазақстанда Facebook және Instagram желілері бірнеше сағатқа істемей қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандықтар кешкі сағат 20:30 шамасында әлеуметтік желілерді пайдалану мүмкін болмай отырғанын айтып, шағымданды.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз аккаунттарына кіре алмай қалды.

Дәл қазір қазақстандық желі қолданушылары Facebook пен Instagram жұмысы қайта қалпына келе бастағанын жазып жатыр.