Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Атырауда автобус жүргізушісін балағаттап, соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 5 наурыз күні сағат 14:40 шамасында №22 бағыттағы автобуста орын алған.
Облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті автобус жүргізушісін ұрғанын және валидаторды сындырғанын мойындап отыр.
Әзірге жанжалға не себеп болғаны белгісіз.