06.03.2024, 07:30

6 наурызға арналған ауа-райы болжамы

Фото: Pixabay

Қазақстан бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі.

«Қазгидромет» РМК 6 наурызда болатын  қолайсыз ауа райына байланысты болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде құрғақ, желсіз ауа райы сақталады, тек елдің солтүстігінде қарлы жаяу бұрқасын күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталықта тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 25 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында, орталығында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.