$ 494.87  520.65  4.91

«Бір үмітпен жүрмін»: Майқайыңдағы апаттан табылмаған құтқарушының әйелі жазба жариялады

Алла Тағала сенің басыңа барып құран бағыштауды нәсіп етсінші деймін.

Фото: bugin.kz
Фото: bugin.kz

4 қаңтар күні Павлодар облысындағы Майқайың алтын кен орнында жер опырылып, ішінде 4 жолаушысы (3 құтқарушы мен 1 жүргізуші) бар автобус шұңқырға құлап кетті.  Қаза тапқан 2 адамның денесі шығарылды. Тағы екеуі әлі табылған жоқ. Соның бірі Нұрсұлудың жары Айдос Шаймерден болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаным Айдос, қанша жүрегім ауырса да мен сені құтқара алмай жатқан жерге келдім. Күнде бір үмітпен келемін осында. Қанша адамды құтқардың, бірақ сені ешкімнің құтқара алмай жатқанына жүрегім ауырады. Бүгін алпысыншы күн. Бір үмітпен жүрмін. Алла Тағала сенің басыңа барып құран бағыштауды нәсіп етсінші деймін. Саған иттік жасағандарды бір Аллаға тапсырдым, – дейді келіншек желідегі жазбасында.

Еске салсақ, биыл 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырға 4 жолаушысы бар автобус құлап кеткен еді. Опырылған жердің ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары