06.03.2024, 10:20

Асланбек Шымбергенов Италиядағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Фото: Olympic.kz

Алғашқы кездесуінде оның қарсыласы фин боксшысы Сэм Моровати болды.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов 5 наурызда Бусто-Арсициода (Италия) өткен лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

"Алғашқы кездесуінде оның қарсыласы фин боксшысы Сэм Моровати болды. Шымбергенов сенімді түрде жеңіске жетіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Аралбай 2024 жылдың 4 наурызында Бусто-Арсициода бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде жеңіске жеткені хабарланған болатын. 2024 жылдың 3 наурызында Сәкен Бибосынов Қазақстанға алғашқы жеңісті сыйға тарту еткен еді.