Конституциямызға сәйкес Парламенттің жаңа сайланған депутаты Қазақстан халқына ант береді.
Нұрсұлтан Байтілесов «АМАNАТ» партиясынан депутат атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«АМАNАТ» партиясы фракциясының өкілі Нұрсұлтан Байтілесов Мәжілістің жаңа депутаты атанды.
Конституциямызға сәйкес Парламенттің жаңа сайланған депутаты Қазақстан халқына ант береді.
Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деп жаңа депутат Нұрсұлтан Байтілесов ант берді.
Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.