06.03.2024, 18:00

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған Халықаралық турнир өтеді

Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен өтетін турнирде он салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

10-14 наурыз күндері Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәлімдеуінше, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында ұйымдастырылатын жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бельгия, Әзірбайжан, Украина, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Ресей өкілдері қатысады.

Грек-рим күресінен өтетін турнирде он салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Айта кетелік, балуандар бәсекесі Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.