06.03.2024, 21:30

Михаил Кукушкин қатарынан 13-жеңісіне қол жеткізді

Фото: ktf.kz

Жарыстың екінші айналымында Михаил ұлыбританиялық Билли Харриспен (181 ATP) ойнайды.

Михаил Кукушкин (140 ATP) Швейцарияның Лугано қаласында өтіп жатқан Челленджер санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Қазақстандық теннисші алғашқы матчта Қытайлық тайваньдық Ю Сиу Сюды (ATP 235) 6:2, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді. Жарыстың екінші айналымында Михаил ұлыбританиялық Билли Харриспен (181 ATP) ойнайды.

Бұл - 36 жастағы қазақстандықтың қатарынан 13-жеңісі. Ол кейінгі екі аптада екі "Челленджер" турнирінде жеңіске жетті.