07.03.2024, 10:00

Лиценциялық турнир: Сәкен Бибосынов екінші жеңісіне қол жеткізді

Фото: Olympic.kz

Төрешілер жеңісті бірауыздан Бибосыновқа берді. 

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық Сәкен Бибосынов екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен кениялық Давид Каранжа Мачариямен кездескен болатын. 

Бұл кездесу де Сәкенге айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Төрешілер жеңісті бірауыздан Бибосыновқа берді.