07.03.2024, 22:30

Майк Тайсон шаршы алаңға қайта оралады

Фото: Justin Setterfield / Getty Images

Жекпе-жек  Netflix платформасында көрсетіледі. 

57 жасар әйгілі былғары қолғап шебері Майк Тайсон рингке оралады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 20 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтонда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы кәсіби рингте 10 кездесу өткізіп, оның тоғызын жеңген америкалық блогер Джейк Пол. Жепе-жектің қандай форматта өтетіні әлі белгісіз. Жекпе-жек  Netflix платформасында көрсетіледі. 

Майк Тайсон кәсіби мансабын 2005 жылы 50-6 рекордық көрсеткішпен аяқтағаны белгілі. Ол WBA, IBF және WBC нұсқасы бойынша ауыр салмақ категориясындағы әлем чемпионы болды.