$ 441.66  475.14  4.86

Бибісара Асаубаева Мәскеудегі шахмат фестивалінде жеңіске жетті

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

Фото: Chess-boom online
Фото: Chess-boom online

Бибісара Асаубаева Мәскеуде аяқталған "Аэрофлот Опен 2024" шахмат фестивалінде әйелдер арасында 1-орынды иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті.

"Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары