$ 498.34  519.72  4.85

Бүгін – Әмина Өмірзақованың туған күні

Ол «Тақиялы періште» фильмінде Тайлақтың анасының рөлін ойнаған. 

Фото: musrepov.kz
Фото: musrepov.kz

Бүгін – Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының иегері Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әмина Өмірзақова – 105 жыл бұрын (1919-2006) 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Санкт-Петербург сахна өнері техникумының Қазақ студиясын бітірген. 1938-1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының труппасында, ал 1942-1949 жылдары «Қазақфильм» студиясында қызмет атқарды.

1949 жылдан Қазақ академиялық жастар мен балалар театрының актрисасы болды. Оның ойнаған рөлдері қатарында Баян (Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»), Луиза (Ф. Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), Смерильдина (К. Гольдоний «Екі мырзаға бір қызметкер»), Шәуәли (М. Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Қалампыр шешей (Ш. Уәлиханов «Тағдыр»), Глумова (А. Островский «Адам аласы ішінде»), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түсіп, Ажар («Абай әні»), Мұғалима («Қанатты сыйлық»), Айша («Бір аудан»), Ана («Ана туралы аңыз», 1964 жылы Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен жарыс-байқауының 1-ші сыйлығы; 1966 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы), Тана («Тақиялы періште», Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-ші кино өнері жарыс-байқауының сыйлығы), т.б. бейнелерді сомдаған.

«Отан», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары