$ 443.37  474.49  4.83

13 жасар оқушы 767 кітап оқыған

5 жылда 5000 кітап оқуды мақсат еткен оқушы қыз шет тілдерді де үйренуге әуес.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Түркістанда 13 жастағы оқушы қыз 1,5 жылда 767 кітапты оқып бітірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, Фатима Әлішерқызы бір кітапты 3-4 сағатта оқиды. Ол классика және фэнтези жанрындағы кітаптарды оқығанды жақсы көреді.

«Ең ұнатып оқитыным - Хәрри Поттер кітабы. Stepp&world баспасы жеті томның барлығын қазақ тіліне аударып шықты. Біздің мектепке де бұл кітап келді. Мен осы кітаптың бәрін сатып алып оқығанмын. Бұл кітапқа арнайы зерттеулер жасалған екен, яғни бұл кітапты оқыған оқушылар зорлық-зомбылықтың кез келген түріне шыдай алмайды», дейді ол.

5 жылда 5000 кітап оқуды мақсат еткен оқушы қыз шет тілдерді де үйренуге әуес. Ол қазір ағылшын тілін үйреніп жүр. Ол енді Хәрри Поттердің түпнұсқасын оқығысы келеді.

Фатима Әлішерқызы оқуда да озат, мектептегі іс-шараларға да белсене қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары