$ 494.87  520.65  4.91

Бүгінгі ауа-райы болжамы

Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктердің пайымдауынша, алдағы үш күнде – 9, 10, 11 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік және Оңтүстік циклондарға байланысты қар аралас жаңбыр, жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, жел күшейіп, боран болуы ықтимал.

Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында әрі орталық Қазақстанда қар мен жаңбыр аралас жаңбыр болуы мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, түнде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, батысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болып, күндіз оңтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Сонымен бірге көктайғақ пен тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары