$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KazInform.kz-ке сілтеме жасап.

«БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады», - делінген комитет таратқан ақпаратта. 

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 4
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары