Қазақстан Ұлттық банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін, халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын нақтылап айтады.
Алаяқтар WhatsApp мессенджеріндегі профильдерді "бұзып", алаяқтық жасау үшін пайдаланады. Мессенджерді "бұзу" үшін олар ұтыс ойындары, әлеуметтік маңызы бар тақырыптар туралы сауалнама, дауыс беру сияқты түрлі сылтаумен таратылатын қауіпті сілтемелер жібереді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан Ұлттық банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін, халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын нақтылап айтады.
"Кей жағдайда алаяқтар WhatsApp мессенджеріндегі профильдерді "бұзып", алаяқтық жасау үшін пайдаланады. Мессенджерді "бұзу" үшін олар ұтыс ойындары, әлеуметтік маңызы бар тақырыптар туралы сауалнама, дауыс беру сияқты түрлі сылтаумен таратылатын қауіпті сілтемелер жібереді. Хабарламаны алған адам сілтемені басқан кезде, алаяқтар WhatsApp мессенджеріндегі профильді иемденіп алады. Әрі қарай алаяқтар профиль иесінің атынан оның жақын туыстарынан, таныстарынан, достарынан немесе әріптестерінен әртүрлі сылтаумен қарызға ақша сұрайды. Қаржыны банк картасына немесе үшінші тұлғалардың шотына аударуды сұрап, жаппай хабарлама таратады",- делінген Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұл ретте әңгіме немесе хат алмасу кезінде алаяқтар бастан-аяқ психологиялық қысым көрсетеді, қоңырау желісін "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне" жалғайды, Қылмыстық кодекстің баптарына сілтеме жасайды және құпияны сақтауды сұрайды.