Қазіргі кезде қазақстандық боксшылар 2024 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия беретін жарысқа қатысып жатыр.
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Италияда бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кездесу барысында жас боксшыларға сәттілік тіледі.
Бәріміздің бокс мектебіміз бір. Біз бір командамыз. Өзім де осындай кезеңдерден өткенмін. Сондықтан бапкерлеріңізге сеніңіздер, өздеріңіздің күштеріңізге сеніңіздер, – деді Геннадий Головкин.
Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасында Головкиннің ел құрамасымен кездесуінен фото жариялады.
Айта кетейік, қазіргі кезде қазақстандық боксшылар 2024 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия беретін жарысқа қатысып жатыр.