$ 474.62  517.19  5.39

11 наурызға ауа райы болжамы

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

11 наурызда 10 өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады және екпіні күшті жел соғады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары