Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
BAQ.KZ-тің жазуынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.
Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажеттігін ескертеді.