$ 494.87  520.65  4.91

Елордада бір сағатқа жарық өшеді

Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана қаласының әкімдігі 23 наурыз күні «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына орай, қала тұрғындарынан бір сағатқа жарықты өшіріп, акцияға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Жер сағаты» акциясы 23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін өткізіледі. Астаналықтар ғаламшардың болашағына бей-жай қарамай, аталған уақытта жарық пен тұрмыстық электр құралдарын өшіріп, маңызды акцияға атсалысуға шақырылады.

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық өткізілетін оқиға, оған бүкіл әлемнен 2 млрд-тан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Астанада мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен қатар акцияны сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі спорт кешендері мен бизнес субъектілері қолдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары