1997 жылы туған Татьяна Михайлова түскі уақытта қаңғыбас иттерді тамақтандыруға шығып кеткен.
11 наурыз күні таңғы сағат жетіде Щучинск қаласында Балдәурен лагерінің маңында әйел адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы @aqmolive жазды.
1997 жылы туған Татьяна Михайлова түскі уақытта қаңғыбас иттерді тамақтандыруға шығып кеткен. Ол РФ азаматы екені белгілі болды. Соңғы екі жылда Щучинск қаласында тұрып жатқан.
Денесінде зорлық–зомбылықтың ізі байқалмаған. Азаматшаның денесі Мамандандырылған ауданарлық сотқа жолданды, – делінген хабарламада.
Бірге тұрған азаматтың сөзінше, Татьяна сағат 19:00 шамасында қоңырау шалып, ыстық ванна дайындап қоюын өтінген. Қатты тоңып қалғанын айтып, жақын уақытта үйге оралатынын хабарлаған. Алайда, осы жағдайдан кейін азаматша байланысқа шықпаған. Алкогольдік ішімдікке әуестігі болмағаны, есепте тұрмағаны белгілі болды.