Ол жүкті кезінде тағы бірнеше адамнан “баламды беремін” деген желеумен ақша алады. Ақшаны алған келіншек ізін жасырған. Нәтижесінде ана да, оның төрт клиенті де сот алдында жауап берді.
Атырауда келіншек жаңа туған екі сәбиін бірнеше жұпқа сатып жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ол жүкті кезінде тағы бірнеше адамнан “баламды беремін” деген желеумен ақша алады. Ақшаны алған келіншек ізін жасырған. Нәтижесінде ана да, оның төрт клиенті де сот алдында жауап берді.
Іс материалдарынан анықталғандай, әйел жүкті кезінде ерлі-зайыптылармен сөз байласып, жаңа туған нәрестені бірден сатып жіберген. Ол осылайша қаржылық жағдайын жақсартпақ болыпты.
Екінші рет жүкті болған әйел бұл баласын де сатамын деп шешім қабылдаған. Бірақ бұл жолы ол бірден екі ерлі-зайыптыны баласын сатамын деп сендірген. Олар әйелге 2,3 миллион теңге көлемінде ақша берген. Ақшасын алған келіншек, көп ұзамай ізін суытқан. Ал екінші сатып алушылар әйелдің шотына үнемі ақша аударып отырған. Артынша нәресте туған кезде келіншек баланы соларға табыстаған.
"Осылайша, жаңа туған нәрестелерін ақшаға сатып алған жұптардың ерлері баланың әкесі ретінде танылып, туу туралы куәлігіне өздерінің есімін жазған", – делінген іс материалында.
Келіншек балаларды сатқаны және сондай-ақ бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сәбилерді сатып алған екі жұп та үш жылға шартты түрде сотталды.