12.03.2024, 18:00

Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың телефонын тексермек

Фото: Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Бүгін отырыстың екінші күні.

Қуандық Бишімбаев қорғаушысы тағы бір өтінішпен сотқа жүгініп, Салтанат Нүкенованың телефон тексеруді өтінді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Нүкенова мен Бишімбаевтың қарым-қатынасын әділ қарау үшін біз осы өтінішпен бірге жүретін қосымшаларды жария етіп, С.Нүкенованың компьютер құралдары мен ұялы телфондарына (IPhone Pro Max 13 пен IPhone Pro Max 15) криминалистік зерттеу жүргізуді бастауды сұраймыз. Зерттеуді жүргізуді 12-ші департаменттің маманына тапсырып, жойылған жағдайда барлық жазбалар мен басқа да ақпараттарды қалпына келтіруді сұраймыз. Қылмыстық істегі 5-том, 46-47 екі беттегі екі фотосуреттің дәлел ретінде күшін жоюды сұраймыз, себебі фотоның қалай, қашан, кіммен жасалғаны белгісіз, — деді қорғаушы. 

Экс-министрдің ісі бойынша тыңдауды судья Айжан Құлбаева жүргізеді. Бүгін отырыстың екінші күні. Қорғаушылар өтініші тыңдалып жатыр, Бишімбаев отырыс залына басқа есіктен әкелінді. Бүгін де журналистер отырыс залына кіргізілмеді. Қуандық Бишімбаев анасы мен қорғаушылары пікір білдіруден бас тартты.