Әр тиынды есептеп отырған президенттің жоспары осындай.
Бүгін түнде италиялық «Наполи» футбол клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта кездесуінде сырт алаңда испандық «Барселонаға» қарсы ойнайды. Клуб президенті Аурелио Де Лаурентис командасы келесі кезеңге жолдама алатын болса, 10 миллион еуроны санап беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
La Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, жігерлендірудің себебі бір ғана кездесуге байланысты емес екен. Президенттің көздегені бар. Егер «Наполи» Чемпиондар лигасын жеңіп алатын болса, автоматты түрде клубтық әлем чемпионатына жолдама алады. Ал ол турнирде жеңіліс тапқанның өзінде 50 миллион еуро табыс табуға мүмкіндік бар. Әр тиынды есептеп отырған президенттің жоспары осындай. Әйтпесе, қазір «Барселонаны» жеңу айтарлықтай сенсация емес. Содан да, аяқдопшыларға сыйақы беріп, ақша құртудың маңызы жоқ, деп жазады kaz.inform.kz.
Естеріңізге салсақ, 21 ақпанда «Диего Марадона» стадионында қос команда арасында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.