Данияр Елеусінов – қазақ тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында екі мәрте жеңіске жеткен боксшы.
Бүгін бокстан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің туған күні. Данияр туралы деректі назарларыңызға ұсынамыз, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Данияр Маратұлы Елеусінов 1991 жылы 13 – наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданында дүниеге келген. Данияр — әкесі Марат Елеусіновтың қол астында жаттығады. 69 келі салмақта өнер көрсетеді. 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы. 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті. 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы. ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Данияр Елеусінов – қазақ тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында екі мәрте жеңіске жеткен боксшы. 2012 жылы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2013 жылы Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатында алтынан алқа тақты. 2014 жылы Данияр Елеусінов Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанып, Қазақстан бокс федерациясының шешімімен жылдың ең үздік боксшысы атанды. 2015 жылы Дохада өткен әлем біріншілігінде 22 жасар Марокколық боксшыдан есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Рио-2016 жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, команда капитаны.
«Егер біз әлдебір жарысқа аттанар алдында алдымызға не күміс, не қола аламыз деп шығатын болсақ, онда қателескеніміз. Одан да сол жарысқа бармай-ақ қойған абзал. Егер мақсатты жоғары қоймасақ, қарсыластан тайсақтаймыз дегенмен бір. Қорықсаң, шаршы алаңға шығып керегі не?! Адам мақсатты жоғары қою керек, сонда ғана босаңсуға жол жоқ!»