13.03.2024, 10:40

SCAT әуекомпаниясы 5 жыл бойы салық төлеуден жалтарған

Фото: kazinform.kz

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған басқармамен бұйрық шығарылып, шартты бұзу жолымен аңшылық алқабын мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы мемлекетке SCAT авиакомпаниясына табысталған аңшылық алқабын қайтарып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Компания 5 жыл бойы салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы баспасөз қызметі мәлімдеді. 

2019 жылы 13 желтоқсанда облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған. Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған. Шарттың 3-тармағына сәйкес, пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған. Алайда, «SCAT авиакомпаниясы» АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аудармай келген. Компания 5 жыл бойы салық төлемей келген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған басқармамен бұйрық шығарылып, шартты бұзу жолымен аңшылық алқабын мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.