13.03.2024, 14:20

Қуандық Бишімбаев ерекше қорғалған ба

Фото: Facebook

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қ. Бишімбаевтың басты соты 27 наурызға белгіленді. 

ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қуандық Бишімбаевтың сот процесінде оған ерекше қорғау жасалғаны туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот ешкімді қорғамайды. Барлық сотталғандар күзетшінің айдауымен сот залына келеді, тек қана Бишімбаев емес, - деді Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында. 

Сонымен бірге, Ә. Шындалиев сотталушыларды қорғау мәселелері ҚР Ішкі істер министрлігінің құзырында екенін айтты, деп жазады kaz.inform.kz.

Мен нақты білмеймін, қанша адамның болуы қажет деген мәселелер Ішкі істер министрлігінің құзырында, - деп атап өтті Әсет Шиндалиев

Сонымен бірге ол сот отырысының бұқаралық ақпарат құралдарына қолжетімдігі туралы пікір білдірді. Ә. Шындалиев сот залына кірмеген БАҚ өкілдері үшін трансляциясы бар басқа бөлме ұсынылғанын айтты.

Айта кетейік, әйелін өлтірді деп айыпталған Қ. Бишімбаевтың басты соты 27 наурызға белгіленді.