Шымбергенов әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі екенін дәлелдеді.
Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирдегі қазақстандық боксшылардың өнерін атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Турнир қорытындысы бойынша бес қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасына жолдама алды: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұт Сабырхан (57 келіге дейін), Асыланбек Шымбергенов (71 келі) Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі).
Олардың төртеуі әлем чемпионы (Айбек - Азия чемпионы). ASBC Қазақстан құрамасы капитанын ерекше атап өтті:
Шымбергенов әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі екенін дәлелдеді.