Дәрігерлер маған "ертегі айтып тұрсыз" деді.
Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғыны құрсағындағы баланы босана алмай жүргеніне 3 ай уақыт өткенін айтып, журналистерден көмек сұрады. Сөзінше дәрігерлер оған көмек бермей қойған. Әйел ішіндегі бала 9 ай болған кезде толғақ қысқанын айтады. Бірақ дәрігерлер өзі босана алмаған әйелге кесір тілігін жасамай қойыпты. Бұл туралы ол "Көреміз" бағдарламасында айттып, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ата-бабамыз УЗИ жоқ кезде де босанды. Дәрігерлер маған "ертегі айтып тұрсыз" деді. Өйткені УЗИ аппараты баламды көрсетпейді. Сол себепті дәрігерлер кесір тілігін жасамайтындарын айтты. Мен тамақ жесем ол да жейді. Қазір 12 ай болды. Ішімді тырнап, бала өсіп кетті. Сол себепті журналистер араласып, ішімдегі баламды қолыма алып беруді сұраймын. Менің денсаулығым, психикам бәрі дұрыс, - дейді 55 жастағы әйел.
Студия қонақтары Есенованың ақрапатына қайран қалып, оны психикалық сараптамадан өткізу керек екенін айтты.