$ 443.35  475.54  4.82

Елімізде кальяны бар мейрамханаларға салынатын айыппұл өседі

Рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма да күшейетін болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Министрлік өкілінің сөзінше, қоғамдық орындарда кальян тұтынуға тыйым салынғанымен, барлар мен мейрамханалар мұны ескермей келеді.

"Сондықтан да Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс аясында осы норма үшін айыппұл сомасын арттыру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бүгінгі заңнама тұтынушыға қатысты ғана шараның қолданылуын реттейді, бірақ бұл темекі бұйымдарын тұтынуға жол беріп отырған рестораторлар мен кәсіпкерлерге нормалар жоқ. Сол себептен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ айыппұл сомасы да, рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма да күшейетін болады", - деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары